Кәрім Мәсімовті қамауда ұстау мерзімі тағы ұзартылды

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Тергеу соты қамауда болу мерзімін К.К. Мәсімов пен А. Т. Садықовқа 6 желтоқсанға дейін, Д. Е. Ерғожинге 13 желтоқсанға дейін, М. С. Осиповке 22 желтоқсанға дейін ұзартты. К.Мәсімовке қатысты істі тергеу тамыз айында аяқталды, — делінген ресми ақпаратта.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, ҰҚК бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іске «аса құпия» деңгейі берілген.

Еске салсақ, Кәрім Мәсімов 2016 жылдан бастап 2022 жылдың қаңтарына дейін ҰҚК басшысы қызметін атқарды. Ол биыл қаңтар айының басында қамауға алынды.

Мәсімовке ҚР қылмыстық кодекстің 175-бабы, 1-бөлігі («Мемлекетке сатқындық»), 179-бөлімі, 3-бөлігі («Билікті күшпен басып алу») және 362-бөлімі, 4-бөлігі, 3-тармағы («Билік пен лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану») бойынша айып тағылды.