Антикор Алматы М.Есболатов атындағы ІІМ академиясының жеке құрамымен кездесу өткізді

Бұл туралы агенттіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында ішкі істер органдарында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға ықпал ететін себептер кешені түсіндірілді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы алдын алу шараларын тиімді пайдалану бойынша бірқатар ұсынымдар енгізілді.

Сонымен қатар сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің құзыретін бекітетін әкімшілік заңнама нормаларын қолдану мәселелері қаралды, — делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша жұмысты жандандыру бойынша бірқатар нақты ұсыныстар берілді.