Жоғары оқу орындары әскери борышын өтегендерге 3 000 грант бөледі

Қорғаныс министрі 44 жоғары оқу орнымен әскери борышын өтегендерге 3 000 грант беру туралы меморандумға қол қойды. Яғни, бір жыл әскерде қызмет өткергендер осы жоғары оқу орындарына ҰБТ-сыз түсе алады, — деді Ахмедиев.

Сонымен қатар әскерде жақсы нәтиже көрсеткен жігіттер ЖОО есебінен тегін жоғары білім алу мүмкіндігіне ие болады.

Тағы бір жақсы жаңалық — жақында қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі кредитке «демалыс беру» туралы келісімді жариялайды. Яғни, сарбаздардың кредиті мерзімді қызмет кезінде 13 айға тоқтатылады. 12 ай қызмет ету мерзімі + 1 ай жұмысқа орналасуға беріледі, — деді Дархан Ахмедиев.

Бұдан бөлек, қорғаныс министрлігі әскерден кейін сарбаздарды жұмысқа орналастыру үшін кәсіпорындармен келісім жасауды жоспарлап отыр.