Алматы әуежайында жолаушының телефон зарядтау құрылғысы жарылды

Бұл туралы азаматтық авиация комитеті хабарлады.

Жолаушы 19 қазанда «Эйр Астана» әуекомпаниясының Алматы — Бішкек бағыты бойынша КС 109 рейсімен ұшпақ болған.

«Қазақстанның авиациялық әкімшілігі» АҚ жолаушыларға тіркеу рәсімінен өту кезінде авиакомпания мен әуежайлардың қызметкерлерін зарядтау құрылғыларының бар екендігі туралы хабардар ету керек екенін ескертті.

Қосалқы батареялар, соның ішінде қуат көздері қол жүгімен тасымалдануы керек. Қысқа тұйықталудың алдын алу үшін бастапқы бөлшек қаптамаға салу арқылы немесе терминалдарды басқаша оқшаулау арқылы, мысалы, әр батареяны бөлек пластик пакетке немесе қорғаныс корпусына салу арқылы алып өту керек.