Елімізде жаңа мереке пайда болды

«Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы үкіметінің 2017 жылғы 31 қазандағы №689 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мерекелік күндердің тізбесі мынадай мазмұндағы 38-1-тармақпен толықтырылсын: «38-1. кітапханашы күні — 24 қазан, — делінген құжатта.

Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«Ашық НҚА» порталындағы сипаттамада қаулының мақсаты кітапханашы мамандығының имиджін жақсарту және оны кәсіби аренада ынталандыру екені атап өтілген.