Ұлыбритания премьер-министрі отставкаға кетуден бас тартты

Бұл туралы Euronews сайты хабарлады.

Мен қателік жібергенімізді мойындаймын және жіберілегн қателіктер үшін өкінемін, бірақ оларды түзеттім. Қаржы министрлігінің жаңа басшысын тағайындадым. Біз экономикалық тұрақтылық пен қаржылық тәртіпті қалпына келтірдік, — деді Ұлыбритания премьер-министрі Лиз Трасс.

Бұған дейін Ұлыбританияның қаржы министрі Квази Квартенг нарықтағы қатты толқулар кезінде жұмыстан шығарылғаны туралы хабарланған болатын.

Еске салсақ, биыл қыркүйек айында Лиз Трасс Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен корольдігінің премьер-министрі болып сайланды. Оған ҚР президенті құттықтау жеделхатын жолдады.