Ахметжанов тұрмыстық зорлық-зомбылықтың басты себебін айтты

Министрдің айтуынша, тұрмыстық зорлық-зомбылық проблемасын тек күштеу, мәжбүрлеу шарасымен шешу мүмкін емес.

Полицияның қылмыстық немесе әкімшілік шаралары – тек салдармен күрес екенін атап өту керек. Бұл жағдайдың түпкі тамыры – әлеуметтік проблемалар. Атап айтқанда, әлеуметтік тұрақсыздық, маскүнемдік, нашақорлық, психикалық ауру, құмар ойындармен әуестену, моральдық-адамгершілік құндылықтың әлсіреуі. Сондықтан, бұл мәселені шешу үшін барлық мүдделі мемлекеттік органдар, әкімдіктер, үкіметтік емес ұйымдар, барлық қоғам болып атсалысу керек, — деді Марат Ахметжанов.