Алматыда ірі жол апаты болды: екі адам ауруханаға түсті

Қалалық полиция департаментінде оқиға 16 қазан, түнгі сағат 22:00-де болғанын хабарлады.

Toyota Camry автокөлігінің жүргізушісі Саин көшесімен солтүстік бағытта келе жатты. Жұбанов көшесінің төменгі жағында орын ауыстыру кезінде Mitsubishi Delica көлігімен соқтығысуға жол берді. Соққының инерциясымен Toyota Camry FAW Jiefang-ке барып соғылды. Ал ол инерция бойынша ілеспе бағытта келе жатқан басқа Toyota Camry-ді соқты, — деді қалалық полиция департаменті анықтау басқармасының бастығы, подполковник Олжас Шәріпов.

Жол апаты салдарынан FAW Jiefang жүргізушісі мен жолаушысы қалалық ауруханаға жеткізілді.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Криспи | Алматы (@kris_p_almata)

Жол апатының мән-жайын Әуезов ауданының полиция қызметкерлері тексеріп жатыр.