Орталық Азия – Ресей форматындағы байланыстың өзекті міндеті қандай?

Біз осы маңызды салаға назар аударып, оны жаңа сапалы мазмұнмен жан-жақты толтыруымыз керек. Негізгі белгі біздің достығымыздың, тату көршілігіміздің және стратегиялық әріптестігіміздің мызғымастығы болуға тиіс. Біз халықтарымыздың арасын алшақтату әрекеттеріне тиімді қарсы тұруымыз керек. Тарихи және мәдени құндылықтарымыздың мызғымастығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірлескен шаралар кешенін уақтылы қабылдауымыз қажет, — деді мемлекет басшысы «Орталық Азия – Ресей» саммитінде.

Орталық Азия елдері, мемлекет басшылары, ту
Фото: Akorda.kz

Президент Орталық Азия елдері мен Ресей жастарының арасындағы байланысты білім жобалары арқылы жетілдіруге болатынын еске салды.

Жастар арасындағы байланысты нығайту, білім беру саласындағы ынтымақтастықты кеңейту – өзекті міндет, — деді Тоқаев.

Айта кетейік, саммитке Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей президенттері келді, олар алтыжақты форматтағы ынтымақтастықтың келешегін талқылап жатыр.