Қырғыз Республикасы 2023 жылы ТМД-ға төрағалық етеді

Шағын құрамдағы отырыста күн тәртібі мен регламенті бекітілді. Отырыс барысында мемлекет басшылары ТМД аясындағы өзара іс-қимыл мәселелеріне қатысты пікір алмасты. Қасым-Жомарт Кемелұлы атап өткендей, ТМД-ға төрағалық мәселесі қаралды. Делегация басшылары 2023 жылы Достастыққа Қырғыз Республикасының төрағалығы туралы шешім қабылдады. Ал Қазақстан мен Ресей Федерациясы теңтөраға болады. Қырғыз Республикасының ұсынысымен ТМД мемлекеттері басшыларының келесі кеңесі 2023 жылдың 13 қазанында Бішкекте өтеді, — деді Сергей Лебедев.