Қазақстандық атлет Азия чемпионатында алтын медаль жеңіп алды

Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

Федерацияның мәліметінше, ел қоржынына бас жүлдені бірінші болып Сабрина Арзиева сыйлады. Ол спорттық жаяу жүрісте 5 000 метрге жарысудан алдына жан салмады. Спортшы аталған қашықтықты 27:35.44 көрсеткішімен бағындырды. Бұл — қазақстандық атлеттің құрлықтық жарыстардағы жеңіп алған алғашқы ірі жүлдесі.

Кувейттегі Әл-Рашадан стадионында өтіп жатқан Азия чемпионатында 33 мемлекеттен келген 400-ден аса жеңіл атлет сынға түсіп жатыр. Олардың қатарында 27 қазақстандық спортшы ел намысын қорғайды.

Қазақстан ұлттық құрамасы:

1. Данил Попов — 100 метр, 200 метр, эстафета

2. Иван Тетерин — 100 метр, 200 метр, эстафета

3. Никита Петяхин — 400 метр, эстафета

4. Игнатий Вагенлейтнер — 800 метр

5. Айбол Омар — 1 500 метр

6. Ринат Кулыгин- 2 000 метр кедергілермен

7. Канагат Манаш – барьермен 400 метр

8. Дарын Токай — биікке секіру

9. Максим Балабин – сырықпен секіру

10. Иван Сенинг — онсайыс

11. Мади Токенов — 400 метр

12. Маман Нурдаулет – найза лақтыру

13. Лидия Сафонова — 100 метр, эстафета

14. Мария Шувалова — 100 метр, 200 метр

15. Арина Гладышева — 3 000 метр

16. Аружан Алтыбай — 2 000 метр кедергімен жүгіру

17. Кристина Ермола — барьермен 100 метр

18. Анастасия Колода — барьермен 400 метр

19. Екатерина Колода — барьермен 400 метр

20. Фаина Меирманова – биіктікке секіру

21. Эльмира Кабирова – сырықпен секіру

22. Арина Марченко — сырықпен секіру

23. Диляра Хайбуллина – ұзындыққа секіру, үш аттап секіру

24. Ольга Овсекова – үш аттап секіру

25. Алина Чистякова — жетісайыс, ұзындыққа секіру

26. Анастасия Цвиркунова — жетісайыс

27. Сабрина Арзиева – спорттық жүріс.

Бүгін, яғни 13 қазанда алауы тұтанған Азия чемпионаты 16 қазан күні мәресіне жетеді.