Алдымыздағы айдың соңында Қатарда футболдан әлем чемпионаты басталады. Осы ретте Қазақстанның футбол жанкүйерлерін әлемдік доданы тамашалауға шақырамын. Сонымен қатар бүгін мен президент мырзаға да футболдан әлем чемпионатын көруге шақыруымды жеткіздім. Сол уақытта Қазақстанда президент сайлауы өтетіндігін білемін. Дегенмен, Сізді осы чемпионатқа келеді деп үміттенемін, — деді Қатар әмірі Ақордада Қазақстан президентімен кездесуден кейінгі БАҚ өкілдеріне арналған брифингіде.
Айта кетейік, бүгін Ақордада өткен шағын және кеңейтілген құрамдағы келіссөздерден кейін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар әмірі шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді қазақ-қатар қарым-қатынасын тұрақты дамытуға өлшеусіз үлес қосқаны үшін еліміздің ең жоғарғы наградасы – «Алтын қыран» орденімен марапаттады.