Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Қатар әмірінің мемлекеттік сапары аясында екіжақты құжаттарға қол қойылды

Фото: Аkorda.kz

1. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қатар мемлекетінің үкіметі арасындағы дипломатиялық және арнайы паспорт иелерін виза талаптарынан босату туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама;

2. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қатар мемлекетінің үкіметі арасындағы Инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім;

3. Қазақстан Республикасының ғылым және жоғары білім министрлігі мен Қатар мемлекетінің білім және жоғары білім министрлігінің арасындағы жоғары білім саласы және ғылыми зерттеулер бойынша ынтымақтастық туралы келісім;

4. Астана әкімдігі мен Доха қаласының муниципалитеті арасында бауырластық қарым-қатынас орнату туралы келісім;

5. Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрлігі мен Қатар мемлекетінің сауда және индустрия министрлігі арасындағы сауда саласындағы өзара түсіністік туралы меморандум;

6. Қазақстан Республикасының үкіметі мен Қатар мемлекетінің үкіметі арасында денсаулық сақтау саласындағы өзара ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы келісім;

7. Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігі мен Қатар мемлекетінің муниципалитет министрлігі арасындағы ауыл шаруашылығы саласы бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;

8. Қазақстан Республикасының сауда және интеграция министрілігі Метрология және стандарттау институты мен Қатар мемлекетінің стандарттау бас ұйымы арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

9. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар мемлекетінің спорт және жастар министрлігі арасындағы спорт саласы бойынша 2023-2025 жылдарға арналған алғашқы атқарушы бағдарлама;

10. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар мемлекетінің мәдениет министрлігі арасындағы мәдениет және өнер саласындағы 2023-2025 жылдарға арналған бағдарлама;

11. Қазақстан Республикасының мәдениет және спорт министрлігі мен Қатар мемлекетінің туризм жөніндегі ұлттық кеңесі арасындағы туризм саласы және маркетинг шаралары бойынша өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;

12. Қазақстан Республикасының президенті жанындағы мемлекеттік басқару академиясы мен Қатар мемлекеті сыртқы істер министрлігінің дипломатия институты арасында дипломаттарды даярлау жөніндегі ынтымақтастық туралы меморандум.