Кеген-Нарынқол күре жол аумағында қар жауды

«ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ жол қызметтері учаскені тазарту бойынша жедел шаралар қабылдады.

Қар тазалау жұмыстарына 3 бірлік арнайы техника мен 5 адам жұмылдырылды. Қозғалысқа шектеу енгізілген жоқ, жолда қауіпсіздік қамтамасыз етілді, — делінген жол компаниясының хабарламасында.