9 қазандағы мәлімет бойынша, 1 082 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр.
Коронавирус жұқтырған алты адамның жағдайы нашар, үш пациенттің жағдайы өте ауыр, ал бір науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.
Айта кетейік, елімізде коронавирус пандемиясы басталғалы 1 393 974 адамнан инфекция анықталды, 13 692 науқас қайтыс болды.