Қанат Ислам рингке оралып, жеңіске жетті

38 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы оның құрдасы аргентиналық Хавьер Франсиско Масьель (34-18, 23 КО) болды. Жекпе-жек Плант-Ситиде (Флорида, АҚШ) өтіп, сегіз раундтан тұрды.

Ислам төрешілердің шешімімен жеңіске жетті. Ол үшін бұл кәсіпқойлар арасында 29-жеңіс, ал Марсель карьерасында 18-рет жеңілді.

Еске салайық, бұл жеңіс Ислам үшін биылғы ақпанда өзінің карьерасындағы дебюттік жеңілісінен кейінгі бірінші жеңіс болды.