Қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары 7 жылға сотталды

Бұл туралы ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылғы 21 қыркүйекте Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қауіпсіздік кеңесі хатшысының бұрынғы бірінші орынбасары Марат Шайхутдиновты ҚР қылмыстық кодексінің 185-бабы 3-бөлігі бойынша кінәлі деп тауып, оны мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан және 7 жылға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды, — делінген хабарламада.

Қылмыстық іске қатысы бар Л.Скаковский қылмыстық кодексінің 175-бабы 1-бөлігі мемлекетке опасыздық жасау дерегі бойынша және О. Ж-дан қылмыстық кодексінің 176-бабы тыңшылық бойынша кінәсі толық дәлелденді. Олар сәйкесінше 11 жыл 3 айға және 11 жылға бас бостандықтарынан айырылғаны белгілі болды.