Заңды тұлғаларға берілген кредит көлемі өсті

Ақша-кредит талаптарының қатаңдатылуына (базалық мөлшерлеменің артуына) қарамастан, банктер кредиттік белсенділігін жалғастырып жатыр. Өткен жылы екінші деңгейлі банктердің кредиттік портфелі 18,5 триллион теңгеге дейін 26,5% (3,9 триллион теңге) өсті. Өткен жылғы кредиттеу үрдісінің жалғасын біз биылғы жылы да байқап отырмыз. Биылғы жылдың басынан бастап кредиттік портфель шілдеде 20,4 триллион теңгеге дейін 10,1% (1 864,5 миллиард теңге) артты. Заңды тұлғалардың кредиттік портфелі өткен жылы 7,8 триллион теңгеге дейін 9,3% (661,8 миллиард теңге), ал биыл 8,0 триллион теңгеге дейін тағы 2,9% (222,3 миллиард теңге) өсті. Егер ЕДБ-ға жаңа кредиттер беруді қарастырсақ, онда олардың ағындары, әсіресе заңды тұлғаларға берілген кредиттер экономикадағы іскерлік белсенділікті ынталандырады, — деді ол мәжіліс депуаттарының сауалына берген жауабында.

Оның дерегінше, өткен жылы заңды тұлғалар 9,9 триллион теңгеге бұрынғы кредиттерін өтеу кезінде заңды тұлғаларға жаңа кредиттер беру 11,1 триллион теңгеге дейін 20,3% өсті.

2022 жылғы қаңтар-шілде айларында заңды тұлғаларға берілген кредиттер өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 7% ұлғайып, 6,4 триллион теңгені құрады. Микроқаржы, квазимемлекеттік, ипотекалық ұйымдардың екінші деңгейлі банктерге қарыздарын қоса алғанда, кеңейтілген анықтамадағы кредиттер биылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша 2022 жылғы 1-жартыжылдықта 7,7% ұлғайып, 25,2 триллион теңгені құрады, — деді Ғалымжан Пірматов.