Антикор қызметкерін қорқытқан полиция майоры қамауға алынды

Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қарасай ауданы полиция басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты қылмыстық жауаптылықтан алшақтатқаны үшін 500 мың теңге сомасында ақшалай қаражат алу (пара) фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіп жатыр. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлері тінту жүргізген кезде полиция майоры заңды талаптарға бағынбай, атыс қаруын қолданамын деп қорқытқан, — делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 22 қыркүйегінде осы факт бойынша қылмыстық кодекстің 380-бабы (билік өкіліне қатысты қауіп) бойынша қылмыстық іс тіркелді. 29 қыркүйегінде күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Тергеу жалғасып жатыр.