Тоқаев Абай облысы тұрғындарын марапаттады

Мемлекет басшысының 2022 жылғы 29 қыркүйектегі №1027 Жарлығымен елеулі жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген айрықша еңбегі үшін:

  • «Парасат» орденімен «Абай атындағы театр» КМҚК артисі Бекен Имаханов;
  • «Парасат» орденімен еңбек ардагері Амантай Мұқатаев;
  • «Құрмет» орденімен «Семей цемент зауыты» ӨК» ЖШС кран машинисі Светлана Александровна Пономарева;
  • «Ерен еңбегі үшін» медалімен «Қайнар Агро» ШҚ суару машиналарының операторы Михаил Михайлович Лебедев;
  • «Шапағат» медалімен «Көкпекті жолдары» ЖШС директоры Гүлназ Құдайбергенқызы Нұрғалиева наградталды.