Тоқаев Абай облысындағы университеттерге қосымша грант бөледі

Семейде университет жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуады. Бұл туралы Абай облысына жұмыс сапарымен барған Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.

«Облыста қазіргі заманға қажетті, жоғары деңгейдегі, білікті мамандар даярлау үшін нақты шаралар қабылдануы керек. Семейде университеттердің жанынан IT саласы мен тілдерді тереңдетіп оқытатын мектептер ашылуы қажет. Аймаққа қажетті кадрларды дайындау үшін тиісті стандарт әзірлеген жөн. Жастарымыз сапалы білім алып, туған өлкесін дамытуға үлес қосуға тиіс. Сондықтан облыстағы жоғары оқу орындарына қосымша 500 грант бөлуді тапсырамын», — деді Тоқаев.