Семейде орман өрті сөндірілді: 250 гектар алқап жанып кетті

Ведомство мәліметінше, Семей орманы аумағында шыққан өрт сағат 11:00-де оқшауланды.

Өртті сөндіруге Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің, жергілікті атқарушы органдардың, әскери бөлімінің орманшылары мен күштері жұмылдырылды. Барлығы жеке құрамнан 399 адам және 85 бірлік техника, – делінген хабарламада.

Департамент мәліметінше, өртті сөндіруде қатты жел қиындық келтірген. Болжам бойынша өртке найғазай себеп болған. Орман өрті шамамен 200-250 гектар аумақты қамтыды. Жапа шеккендер жоқ.