Алматыдағы Air Astana рейстері тағы кешігіп ұшты

Air Astana әуе компаниясының мәліметінше, 28 қыркүйек таңғы сағат 04.00 шамасында Алматы және Атырау қалаларында интернет-провайдердің жұмысында ақау байқалған. Салдарынан екі қаланың әуежайында интернет дұрыс жұмыс істемеді.

Байланыс болмаған соң қызметкерлер рейске тіркеу жұмысын қолмен жүргізген. Бұл Алматы қаласында таңғы әуе рейстерінің орташа алғанда 1,5 сағатқа кешігуіне алып келді.

Интернет сағат 8.40 кезінде қосылып, қалыпты жұмыс істей бастады.

«Қазіргі таңда әуе тасымалдаушы рейстер кестесін біртіндеп қалпына келтіріп жатыр»,- деп хабарлады Air Astana компаниясы.