Шымкентті дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінді

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Бұдан бөлек, Шымкент қаласына қатысты мынадай мәлімдеме жасалды:

  • 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылды;
  • қала бюджеті 4 есе өсті;
  • қаладағы өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артты;
  • аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды;
  • соңғы жылдары шағын және орта бизнестің жалпы өңірлік өнімдегі үлесі 40 пайызға жетті, осы салада 180 мыңға жуық адам жұмыс істейді;
  • соңғы кезде шаһарға іргелес жатқан 41 елді-мекен қосылды;
  • инженерлік инфрақұрылымның қуатын арттыруға 4 жылда республика бюджетінен 135 миллиард теңгеге жуық қаржы бөлінді;
  • жылдың соңына дейін 15 мың тұрғыны бар Құрсай аумағына ауыз су жеткізіледі;
  • Шымкентте 5 жылдың ішінде 101 мектеп салу жоспарланған;
  • қалада соңғы екі жылда 50 жекеменшік мектеп ашылды.