Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді. Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Жиында Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас ассамблеясы 77-сессиясына қатысу үшін Нью-Йоркке барған сапарының және бірқатар мемлекеттің басшыларымен, БҰҰ басшылығымен, АҚШ іскер топтарымен кездесулерінің қорытындысы аясындағы халықаралық және өңірлік қауіпсіздік мәселелері қарастырылды.

Отырыс соңында Президент бірқатар тапсырма берді.

Telegram арнамызға жазылыңыз

Күннің маңызды және өзекті жаңалықтарын телеграм каналынан оқыңыз