Тоқаев: Әлемдегі жағдай шиеленіскенде, Қазақстан бейтарап ұстанымда қалады

«Қазіргі халықаралық ахуал әбден шиеленісіп кетті. Осындай күрделі жағдайда Қазақстан халықаралық ұйымдарда, ең алдымен, Біріккен Ұлттар Ұйымында дауыс беру кезінде бейтарап ұстанымын сақтап отыр. Бұл біздің ұлттық мүддемізге сай келеді. Жеріміздің бүтіндігі және еліміздің амандығы бәрінен маңызды. Сондықтан парасаттылық пен сабырлылық танытып, арандатушылардың жетегінде кетпеуіміз керек», — деді Тоқаев.

Ол мемлекеттердің территориялық тұтастығы сақталу керегін де айтты.

«Мен мұны халықаралық аренада үнемі ашық және анық айтып жүрмін. Жақында Біріккен Ұлттар Ұйымына барып, ең биік мінберден бұл туралы тағы да мәлімдедім. Бұның бәрі бекер емес. Айналамызда ауқымды соғыс болып жатыр. Біз осыны ескере отырып, ең әуелі, еліміздің қауіпсіздігін ойлауымыз керек», — деді Тоқаев.