Орталық сайлау комиссиясы: Әзірге ешкім кандидатурасын ұсынған жоқ

Президенттікке үміткерлікті ұсыну 23 қыркүйекте басталды. ҚР президентін кезектен тыс сайлау 20 қарашада өтеді.

«Әлі ешкім кандидатурасын ұсынған жоқ, қоғамдық бірлестіктердің ешқайсысы әлі съезі мен конференцияларын өткізген жоқ», — деді Орталық сайлау комиссиясы Мұхтар Ерман.

Парламенттік партиялардың өкілдері әлі күнге дейін неліктен кандидат ұсынбағандарын түсіндірді.

«Үміткерді ұсынбас бұрын біз съезд өткізуіміз керек, бірақ, партиямыздың басшысы атап өткендей, қазіргі президент өз кандидатурасын ұсынса, біз оны қолдаймыз», — деді «Қазақстан халық партиясының» өкілі.

«Ауыл» партиясы да ең әуелі съезд өтуі керек екенін айтқан.