Петропавлда ресейліктерге қатысты фейк тарады

Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

«Бұл — фейк», — деді ведомствоның баспасөз қызметіндегілер.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі де бұл хабарлама жалған деп мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерде тараған ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Бұл мәселе СҚО әкімдігінің денсаулық сақтау басқармасының бақылауында», — делінген министрліктің хабарламасында.

Сонымен бірге басылым әлеуметтік желілер мен мессенджерлердегі арандатушылық хабарламаларға сенбеуге шақыратынын айтты.