«Алматы марафонында» қайтыс болған адамның кім екені белгілі болды

47 жасында қайтыс болған Рүстем Садықов «Самұрық Энерго» және QazaqGaz компанияларының тәуелсіз директоры болған. «Самұрық-Қазына» қорының ұжымы марқұмның жақын туыс-жекжаттары мен әріптестеріне көңіл айтты.

Рүстем Ғалымұлы — табысты еңбек жолы бар білімі жоғары, кәбіи білікті маман. Халықаралық компанияларда жұмыс істеген. Тәжірибесі мол. Ол өзіне сенімді көшбасшы әрі адал қызметкер болып әріптестерінің мәңгі есінде қалады. Оның орны ойсырап, бізге үнемі білініп тұрары анық. Иманды болсын!, делінген қор хабарламасында.

Еске салайық, 25 қыркүйекте өткен «Алматы марафоны» қатысушысы Рүстем Садықов қайтыс болды. Оған мәре сызығын кесіп өткен соң қайтыс болды.