Қайрат Сатыбалдыұлының сыбайласына іздеу жарияланды

Ол — бірқатар коммерциялық кәсіпорынның құрылтайшысы және директоры болып табылатын 1983 жылғы Қазақстан азаматы Эфенди Кемаль.

Эфенди кеден саласындағы мәселелерді шешумен, қылмыстық жолмен алынған ақшаны және басқа да мүлікті заңдастырып, жылыстатумен айналысқан. Осы мақсатта оған Сатыбалдыұлы шоттардан ақша шешіп алуға сенімхат берген. Мысалы, 2018 жылдың шілдесі мен тамыз айы аралығындағы үш күн ішінде Эфенди тек бір эпизод бойынша Сатыбалдыұлының жеке шотынан 37 млрд теңге және 62 млн доллар ақшаны шешіп алған.

2022 жылдың ақпан айынан бастап Эфенди Қазақстаннан тысқары аумақта жасырынып, қылмыстық қудалау органына келіп, жауап беруден жалтарып жүр. Оның заңға қарсы әрекеттері ҚР Қылмыстық кодексінің 218-бабының 3-бөлігі, 3-тармағы бойынша сараланып, оған іздеу жарияланды.Антикор

Сотқа дейінгі тергеу шаралары ары қарай жүргізіле береді.