Прокурор Қайрат Сатыбалдыұлын 6 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады

«Жазасын орташа қауіпсіз мекемеде өтеу анықталсын, президентке Сатыбалдыұлын Ұлттық қауіпсіздік органдарының генерал-майоры атағынан, сондай-ақ «Құрмет» және «Парасат» ордендерінен айыру туралы ұсыныс енгізілсін. Сатыбалдыұлының қамауда ұстау уақыты жаза мерзіміне 1 күн — 1,5 күн болып есептелсін», — деді прокуратура өкілі Жангелді Есебаев.