Басты бетЖаңалықтарҚазақстанда 1,7...

Қазақстанда 1,7 миллион адам мүлік салығын төлемеген

Ведомство хабарлауынша, 2022 жылғы 1 қазанда жылжымайтын мүлік және жер учаскелерінің меншік иелерінің 2021 жылға есептелген мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталған.

«Салық төлеу мерзімінің аяқталуына небәрі, 1 апта қалса да, 1,7 миллион меншік иесі салық міндеттемесін әлі орындамаған. Салық заңнамасына сәйкес алдағы салық сомалары бойынша хабарламалар биыл шілдеде меншік иелеріне жіберілген. Бұдан басқа, «Каспий банк» АҚ мобильді қосымшасын пайдаланушыларына PUSH-хабарламалар түрінде жіберілді. 2021 жыл үшін мүлік салығы 3,8 миллион салық төлеуші бойынша жалпы сомасы 14,3 миллирад теңгеге есептелген», — делінген хабарламада.