Брендтің жаңа ресми дистрибьюторы – Silkway Auto Kazakhstan болды, ол «Астана Моторс», компанияның еншілес компаниясы, бұған дейін автокөліктерді Қазақстан нарығына брендтің ресейлік өкілдері жеткізіп келген. «Тікелей» дебют үшін Changan өз модельдер қатарынан ең танымал көліктерін іріктеп алды, олар: CS35PLUS және CS75FL кроссоверлері, сондай-ақ премиалды технологиялы көшбасшы – UNI-K. Автокөліктің барлығы Қазақстанға тікелей Қытай зауытынан жеткізілетін болады.
Changan брендінің бірінші таныстырылымында журналистер мен автоблогерлерге 2 модель ұсынылды. Бюджеттік және ықшам кроссовер CS35PLUS, оның базалық жинақтамасы үшін сатып алушы 8 990 000 теңге жұмсайтын болады, бұл басқа брендтердің осы санаттағы автокөліктерінің бағасынан әлдеқайда төмен! Модель 1,6 литрлі қозғалтқыш көлемімен және 117 а.к. қуатымен қолжетімді, ал берілістер қорабы екі нұсқада – автомат және механика.
Орташа өлшемді CS75FL кроссовері көлемі 1,8 литрлі және қуаты 150 а.к. болатын турбиналы бензиндік қозғалтқышымен жабдықталған. Беріліс қорабы автоматты, оны әйгілі жапондық AISIN компаниясы шығарады, жетегі – толық. Базалық нұсқада – алты қауіпсіздік жастығы, климат-контроль, 10,25 дюймдік экранымен жабдықталған мультимедиа жүйесі бар. CS75FL құны – 14 490 000 теңгеден басталады.
Changan көшбасшысы – толықөлшемді UNI-K кроссоверінің ресми алғашқы таныстырылымы тура сатылым басталардың алдында – 28 қыркүйекте болады. Тіпті базалық нұсқада – бұл техникалық жабдықталуы бойынша бай көлік: 2,0 турбоқозғалтқышы 226 а.к. қуатын береді, AISIN компаниясы ұсынған су жаңа 8 сатылы автоматты беріліс қорабы, ең заманауи интеллектуалды қауіпсіздік жүйелері және премиалды Sony аудиожүйесі. Бастапқы жинақтамасы тек алдыңғы жетекпен қолжетімді, қалған екі нұсқасы – толық жетекті, өндірушісі – әйгілі Borg Warner. Базалық жинақтамасы 17 490 000 теңгеден басталады.
«Астана Моторс» компаниясының еншілес компаниясы – Silkway Auto Kazakhstan Қазақстандағы Changan брендінің өкілі. Қытай тарапы ресми дистрибьюторды «Астана Моторс» компаниясының 30 жылдық тарихы мен беделін негізге ала отырып таңдаған, ал Changan концернінің тарихы 160 жылды құрайды! Changan International Corporation әлемде қытайлық автобрендтердің арасында бірінші орынды иеленіп отыр, әлемдік автоөнеркәсіптегі технологиялық көшбасшылардың алғашқы ондығына және Қытайдың автокөлік брендтерінің «үлкен төрттігіне» кіреді. Сұраныспен расталған бедел — былтырғы жылдың өзінде автоконцерн әлемдік нарықта 2,3 млн автокөлік сатқан.
Тағы бір айта кетерлігі, біздің нарыққа биыл Changan брендімен 700 автокөлік келеді. Қазақстандағы Changan ресми дистрибьюторының директоры Сергей Галкиннің сөзінше, автокөліктердің алғашқы партиясы Қазақстанға жетіп қойған және 29 қыркүйекте Алматыда және Астанада сатылымға дайындалып жатыр. «Біздің Changan брендін дамыту бойынша болжамдар өте оптимистік көзқараста, сондықтан келесі жылдың жоспары бойынша дилерлік орталықтарға 6 мың автокөлікті алып келіп, модельдер қатарын көбейтуді көздеп отырмыз. Қазақстандықтар барлық өңірде мол таңдауға әрі шоу-румдарға және дилерлік орталықтарға бару мүмкіндігіне ие болады», — деп түсіндірді дистрибуция басшысы.
Changan автокөліктеріне берілетін зауыттық кепілдік – 3 жыл немесе 100 мың километр қашықтық. Кепілді және жоспарлы ТҚК дилерлік орталықтарда жүзеге асырылады. Алғашқы Changan дилерлік орталығы Алматы қаласындағы Mycar Almaty жаңа автоорталығында ашылған, тағы біреуі – Астана қаласында. Жыл соңына дейін дистрибьютор өңірлік желіні 10 дилерлік орталыққа дейін көбейтіп, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Орал, Өскемен, Шымкент қалаларын қамту көзделіп отыр, ал 2023 жылдың соңына дейін олардың саны 18-ге дейін өсетін болады.