Дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге жетеді

«Медицина қызметкерлерін ынталандыру үшін президент тапсырмасы бойынша былтырдан бастап медицина қызметкерлерінің жалақысы 2023 жылға қарай экономикадағы орташа жалақыдан 2 есе жоғары деңгейге жеткізу жоспарланды. Биылдың өзінде дәрігерлердің орташа жалақысы 420 мың теңгеге жетеді. Орта медицина қызметкерінің жалақысы шамамен 235 мың теңгені құрады», — деді министр.

Сонымен қатар міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде халыққа қымбат тұратын медициналық қызметтердің қолжетімділігі артқанын айтты.

«Қазір 886 мыңға жуық қымбат медициналық қызмет көрсетілді», — деді Ажар Ғиният.