Яндекс.Такси бағаны өсіру шағымына қатысты тергеліп жатыр

Бұл туралы бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті мәлімдеді.

«2022 жылы 18 қаңтарда «Яндекс Такси» Қазақстанның бәсекелестікті қорғау заңын бұзды деген шағымға қатысты тергеу басталды. Тексеру кәсіпкерлік кодекстің 169-бабының 5-тармағында бойынша жүріп жатыр», — делінген хабарламада.

Заңға сәйкес нарық субъектілерінің әрекетін осындай нарық субъектілерінің ешқайсысымен бір тұлғалар тобына кірмейтін және нарық субъектілерінің әрекеттерін келісу арқылы жүзеге асыратын сол тауар нарығында қызметін жүзеге асырмайтын үшінші тұлғамен келісу экономикалық қызметті үйлестіру деп танылады және оған тыйым салынады.

Алматы қалалық департаменттің хабарлауынша, 25 шілдеде кәсіпкерлік кодекстің 174-бабының 1-тармақшасында тыйым салынған монополиялық жоғары баға белгілеу бойынша тергеп-тексеру кодекстің 222-бабы 1-тармағының 2-тармақшасына сәйкес тоқтатылған болатын.

Ал кодекстің 175-бабының 1-тармағына сәйкес монополиялық нарық субъектісі белгілеген баға, тауарды өндіру және өткізу үшін қажетті шығыстар мен пайда сомасынан және салыстырмалы түрде нарықта бәсекелестік жағдайда қалыптасқан бағадан асып кетсе, монополиялық жоғары баға саналады.

Ресми ақпаратта тергеу нәтижесі қосымша хабарланатыны және биыл жыл басынан бері Яндекс.Таксидің бағаны өсіруіне қатысты 6 өтініш келіп түскені жазылған.