Мәскеудің ВТБ мұз айдынында өткен Yet Another Conference 2018 конференциясына мыңдаған көрермендер жиналды. Жүргізушісіз жүретін автокөлікке отыруға және Яндекстің негізгі технологияларын сынап көруге болатын аренаның жан-жағынан түрлі стендтер қойылды. Аталмыш конференцияда Яндекс компаниясының халыққа көрсетері де, айтары да көп болды. 

Алиса көру және есту мүмкіндігіне ие

©Яндекс баспасөз қызметі

Дауысты көмекші Алисаның енді көру және есту функциясы толық жетілген. Егер Алисаға сурет көрсетсең, қандай бейне көрсетіп тұрғаныңды бірден тани алады. Өлең қоссаң бұл өлеңнің авторы кім және қандай өлең екенін бірден біледі. Сонымен қоса, сүйікті өлеңіңді Яндекс.Музыкада тыңдауға кеңес береді. Оған қоса шектеліп қалмай, Алиса көліктің маркасын, моделін, түсін анықтай алады. Ит пен мысықты көрсетсең, қандай тұқымды екенін, таныс емес ғимараттар мен ескерткіштерді, сонымен қатар кез келген танымал адамды тани алатын мүмкіндігі бар. Егерде Алисаға өзге тілде жазылған мәтінді көрсетсең, оны Яндекс.Переводчиктің көмегімен сізге қажетті тілге аударып береді. Смартфон, киім, яғни кез келген дүниені көрген сәтте Алиса бірден сол тауарға ұқсас дүниені Яндекс.Маркеттен тауып береді.

Алиса
©SetPhone.Ru

«Алиса адамдарға күнделікті өмірде көмектесу үшін жасалған. Алисаның қолынан көп дүние келеді және ол тапсырманы керемет орындайды», — дейді Алисаның жетекшісі Илья Субботин.

Сонымен қатар, YAC 2018 платформасында Яндекс.Диалоги платформасы ұсынылды. Онда адамдар Алисаға жаңа дүниелер үйрете алады. Мұны кез келген адам істей алады. Бизнес диалог арқылы тұтынушыңмен тікелей тілдесуге болады, сонымен қоса Яндексте тіркелген миллион адамның ішінде жаңа серіктестеріңді таба аласың. Өзге адамдардың Алисаға үйреткендері әртүрлі санаттарға бөлініп, біліктілік каталогында жинақталып тұрады. Қазіргі уақытта каталогта 4000-нан астам кәсіп бар, олар автор ойлап тапқан командалармен белсендіріледі. Алиса қажетті команданы естіген сәтте, пайдаланушының ботпен немесе адаммен тілдесуі үшін бөлек терезе ашады.

Яндекс.Драйв автопаркті бизнес-класс көліктерімен толтырады

Осы жазда 500 Mercedes-Benz E-class және BMW 5-Series автокөліктері, Porsche Macan және Porsche 911 Carrera 4S спорттық екі автокөлік пайдаланушыларға қол жетімді болады.

©Яндекс баспасөз қызметі

«Қазір біздің паркімізде екі мыңға жуық автомобиль бар, ал жол жүріс саны бір миллионға жетті. Бизнес-класс автокөліктерінің паркін кеңейте отырып, қымбат автокөліктерде жүргісі келетін адамдарды тартқымыз келеді. Олар Porsche-де, Mercedes-E-Class-та отырғандарын сезіну үшін, бұл автомобильдерді дәстүрлі түстермен боямаймыз. Мұндай дәрежедегі көліктер әлемде алғаш рет пайда болғалы отыр. Мұндай қымбат көліктерді бізден басқа ешкім тұрақты пайдалануға ұсынбаған», — дейді қызмет басшысы Антон Рязанов.

Яндекс.Драйв
©Яндекс баспасөз қызметі

Жаңа көліктер тәжірибелі жүргізушілерге, яғни 26 жастан бастап, алты жыл жүргізу тәжірибесі бар адамдарға ғана қол жетімді болады. Сонымен қатар, жүргізушінің айыппұлдары мен апаттары тіркелмегендігіне де мән береміз. Қазіргі уақытта Яндекс.Драйв Қазақстанда ұсынылмаған, бірақ, алдағы уақытта бұл мүмкіндікке қазақстандықтар да ие болулары мүмкін.

Жаңа Яндекс.Плюс қызметі ұсынылды

Яндекс.Плюс қызметіне жазылған пайдаланушылар Яндекстің барлық қызметтерін қолдана алады. Ол Музыка, Такси, Драйв, КиноІздеу, Диск және Яндекс.Маркеттің жақында іске қосқан маркетплейс бета-нұсқасы.

Біздің өнімдерімізді пайдаланушылардың аудиториясы әртүрлі. Мысалы, біреуі тек музыка, біреуі тек КиноПоиск немесе таксиді ғана пайдаланады. Жазылым — Яндекс экожүйесінің барлық мүмкіндіктерінің кілті. Біз Яндекс.Плюсте ең үздік қызметтерімізді қостық. Сүйікті өнімдеріңізден бөлек, жаңа нәрселерді де таба аласыз. Келешекте біз жаңа сервистерді жобаға қосамыз, осылайша біздің абоненттеріміз одан да көп мүмкіндіктерге ие болады, — дейді Яндекс.Плюс басшысы Андрей Гевак.

Яндекс.Плюс
Иллюстрация: Яндекс презентациясынан

Жазылым — музыканы шектеусіз тыңдауға, киноны жарнамасыз көруге, таксиге жеңілдік алуға және Яндекс экожүйесінің басқа да озық мүмкіндіктерін пайдалануға мүмкіндік береді. Өкінішке орай, жазылу Ресей аумағында ғана жұмыс істейді, бірақ жақын арада Қазақстан тұрғындарына да қол жетімді болады деп үміттенеміз.

Алиса Яндекс.Станциясына қосылды

Яндекс компаниясы Яндекс.Станция дизайнының алғашқы құрылғысын көрсетті. Станция — орыс тілін түсінетін және күнделікті істерде көмектесетін Алиса дауысты көмекшісі бар мультимедиялық платформа. Станция өз міндеттерін орындайды, жақсы сапада музыка қосады, қажетті бейнені немесе фильміңізді тауып, теледидарға қосып береді.

Яндекс.Станция
©Яндекс баспасөз қызметі

«Яндекс.Станция — дауысты көмекшімен істейтін, теледидарға тікелей қосылатын, басқару пультінсіз жұмыс істейтін әлемдегі алғашқы құрылғы. Бұл Станцияның мүмкіндіктерінің біреуі ғана. Қазір біздің ақылды көмекшіміз түрлі қарапайым мәселелерді шеше алады. Станция таңертең сізді оятады, ауа райын болжайды, онымен тіпті тілдесуге де болады. Болашақта үйіңіздегі барлық технологиялар орыс тілінде сөйлеп, сіздің көмекшіңізге айналады», — дейді Яндекстің эксперименттік өнімдері бойынша директоры Константин Круглов

Яндекс.Станция

Құрылғыны Яндекстің инженерлері әзірледі. Жеті сезімтал микрофон матрицасынан тұратын құрылғы Алисаға алыстан естуге мүмкіндік береді. Бір түйменің көмегімен кез келген уақытта микрофондарды өшіріп тастауға болады. Құрылғыны қайта қоспайынша, Алиса ештеңе естімейді. 

Станцияның құны 9 990 рубль тұрады. Сатылым 2018 жылдың жазында басталады. Сатылымның басталуы туралы білгіңіз келсе, сайтқа өтініш қалдыра аласыз. Әрбір сатып алушы Яндекс.Плюске тегін жазыла алады, сондай-ақ серіктестердің атынан «Амедиатекеде» үш ай кино көру мүмкіндігі және іvi-ге екі ай жазылымы беріледі.

Көптеген құрылғылар интернетке қосылған кезде жұмыс істейді, ал, станцияны интернетсіз де пайдалануға болады. Оны Bluetooth арқылы телефонға қосып, музыка, аудо кітап немесе подкасттарды тыңдай аласыз.