Меншік иесі: «Baribar Media» ЖШС Құрылтайшысы, бас директор: Ербол Серікбай
Бас редактор: Таңшолпан Төлеген
Куәлік нөмірі № KZ55VPY00021155, ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі байланыс, ақпарат және ақпараттандыру комитетімен берілген
Күз келіп, жаңа оқу жылы басталды. Енді студенттер мен оқушылар кітапханаға қарай ағылады. Айтпақшы, Алматыдағы Ұлттық кітапхананың қай жерде екенін білесіз бе?
Дұрыс!Қате!
1910 жылы негізі қаланған Ұлттық кітапхана Абай даңғылы мен Абылай хан көшесі қиылысында орналасқан.
Кей қала тұрғыны DelPapa-ға барып, паста, равиоли, чиабатта жегенді ұнатады. Алматыда дәл осы мейрамхананың қанша филиалы бар?
Дұрыс!Қате!
Алматыда DelPapa мейрамханасының жеті филиалы бар. Суретте Назарбаев көшесі мен Қабанбай батыр көшесінің қиылысында орналасқаны.
Алматыдағы бұл ғимаратта бұрын кім тұрды?
Дұрыс!Қате!
Бұл – Ахмет Байтұрсынұлының Алматыда тұрған үшінші үйі. Үшеуінің ішінде сақталып қалғаны да - осы. Ол мұнда мемлекеттік қызмет атқарған кезінде, 1934-1937 жылдары тұрған. Оны осы үйден түрмеге әкетіп, «халық жауы» деп, ату жазасына кескен. Бұл үй 1994 жылдан бері музей болып жұмыс істеп тұр.
Бұл қай өзен?
Дұрыс!Қате!
Бұл - қай уақытта келсеңіз де, салқын әрі әдемі болып тұратын Тереңқұр өзені.
Фотодағы аллеяның қайда орналасқанын таба алдыңыз ба?
Дұрыс!Қате!
Бұл – Гагарин көшесі бойындағы аллея. Ол Төле би көшесінен бастап Жандосов көшесіне дейін созылып жатыр.
Әнші Димаш Құдайбергеннің портреті қай мекенжайдағы қабырғаға салынған?
Дұрыс!Қате!
Қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің муралы Қабанбай батыр көшесі мен Сейфуллин даңғылының қиылысында орналасқан. Бұл - автор Батыр Сәдуақасовтың салған ең алғашқы муралы.
Алматыда Нұрсұлтан Назарбаевтың қолының ізін қайдан табуға болады?
Дұрыс!Қате!
Алматыдағы Республика алаңында үлкен Алтын адамның ескерткіші бар. Дәл сол ескерткіштің төменгі жағында бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолының ізі салынған.
Фотодағы Алматы метрополитенінің қай станциясы?
Дұрыс!Қате!
Алматы метрополитенінде 11 аялдама бар. Фотодағы – «Байқоңыр». Ол «Мұхтар Әуезов» пен «Абай» станциясының ортасында орналасқан. Оның дизайнын әдейі Байқоңырдағы ғарыш айлағына ұқсатып жасаған.
Скафандр киген Юрий Гагарин Алматының қай көшесі бойындағы орындықта демалып отыр?
Дұрыс!Қате!
Скафандр киіп отырған ғарышкер Юрий Гагариннің скульпторы 2018 жылы пайда болды. Бұл Абай даңғылы мен Юрий Гагарин көшесі қиылысында тұр. Авторы – Азамат Қабыл және Ақылбек Шәкен.
Тест: Нағыз алматылықсыз ба?
Жаман емес!
Алматыға енді көшіп келгенге ұқсайсыз. Қаланы әлі де аралап, көбірек қыдыруыңыз керек сияқты.
Жақсы!
Алматының тыныс-тіршілігі туралы көбірек біледі екенсіз. Жарайсыз!