Президент Конституцияға өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы заңға қол қойды

Бұл туралы Ақорда сайты хабарлады.

Заңның мәтіні баспасөзде жарияланады.

Айта кетсек, бұған дейін парламент палаталарының бірлескен отырысында «Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Заң қабылданған болатын.

Сонымен, Ата заңның 5 бабына өзгерістер енгізіліп, 1 бап қосылды.

Енді президент мандаты қайта сайлану мүмкіндігінсіз бір мерзімге, яғни 7 жылға шектеледі.

Нұр-Сұлтан қаласының атауы қайтадан Астана болып өзгереді.

Сонымен қатар Конституциялық сот судьяларының қайта тағайындалуына шектеу қоя отырып, олардың өкілеттік мерзімі 8 жылға дейін ұлғайтылады.