Қырғызстан шекарасындағы атыста 100-ден аса адам жарақат алды

Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бес зардап шеккен адам амбулаториялық емге жіберілген, қалғандары медициналық ұйымдардан көмек алып жатыр.

24.kg басылымының мәліметі бойынша, Бішкекте зардап шеккендерге қан тапсыруға ниет білдірушілер кезекте тұр.

Айта кетейік, бұған дейін тәжік әскері қырғыз ауылына оқ жаудырған болатын.