Тоқаев АҚШ-қа жұмыс сапарымен барады

Мемлекет басшысы сапарының бағдарламасы тығыз. Президент БҰҰ бас ассамблеясының 77-сессиясының жалпы дебатына қатысады. Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың басшыларымен, АҚШ-тың ірі қаржы институттарының және трансұлттық компаниялардың жетекшілерімен, сарапшылар тобының өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр, — делінген хабарламада.