Головкин — Канело жекпе-жегін қайдан көруге болады?

18 қыркүйек күні Лас-Вегаста (АҚШ, Невада) IBF және WBA бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль «Канело» Альварес арасындағы үшінші жекпе-жек өтеді. Бокс әлемінде жылдың басты жекпе-жегі саналған трилогияны Qazaqstan және Qazsport арналары тікелей эфирден көрсетеді.

Жекпе-жек Нұр-Сұлтан уақытымен 18 қыркүйек күні сағат таңғы 05:00-де басталады.

Боксшылар бұл кездесуде екінші орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағын сарапқа салады.