Бүгін Қазақстанға Рим Папасы келеді

Бүгін таңертең әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезіне орай Рим Папасы Францисктің Қазақстанға 38-ші халықаралық апостолдық сапары басталды.

Рим Папасы көлікпен Рим-Фиумицино халықаралық әуежайына барғаны, ол жерден Нұр-Сұлтанға A330/ITA Airways ұшағымен ұшқаны атап өтілді.

Қазақстан астанасының әуежайына қону Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 17:45-ке жоспарланған.