Қостанайда өрттен зардап шеккендерге үй салуға 2,3 миллиард теңге бөлінді

Қазіргі уақытта төтенше жағдайлар министрлігінен бірінші бюджеттік өтінім келді. Осы бюджеттік өтінімге сәйкес 2,3 миллиард теңге үкімет резервінен бөлінеді. Бұл нысаналы қаражат. Ол үй құрылысына жұмсалады. Бүгінгі есептеулерге сәйкес, бұл қаражат 91 үй салуға бөлініп отыр. Әр үйге шаққанда 25 миллион теңгеден келеді, — деді министр орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында журналистердің сауалына.

Оның атап өтуінше, үй салынатын әр учаске 10 сотықтан болады. Үйдің жалпы аумағы 100 шаршы метрді құрайды.

Бұл қаражаттың ішінде инфрақұрылым да бар. Сумен, электр энергиясымен қамтамасыз етіп, жол салынатын болады, — деді Әлібек Қуантыров.