Қостанай облысындағы өрт: тұрғындар мобайл интернетті тегін пайдалана алады

Beeline компаниясы Қостанай облысындағы өрттен зардап шеккен ауылдардағы әр клиентіне 100 минут (Қазақстандағы барлық нөмірге хабарласуға болатын) пен 100 SMS, сонымен бірге 30 күн бойы пайдалана алатын 10 ГБ интернет-трафик аударды. Мұны *106# пәрменімен тексеруге болады. Бұл туралы хабарлама абоненттің бәріне SMS арқылы жіберілген.

«Осындай қиын-қыстау күндері зардап шеккендер мен олардың туыстары мен достары үнемі байланыста болу керегін түсінеміз, сондықтан Аманқарағай, Озерное, Калинино, Лесное және Новонежинка ауылдарындағы клиенттерімізге қызметтерімізді бір ай тегін ұсынамыз. Бұған қоса, қызметкерлеріміз — «Жылы жүрек» корпоратив бағдарламасының волонтерлары зардап шеккендерге барлық өңірден гуманитарлық көмек пен қаражат жинап жатыр», — дейді Beeline Қазақстанның бас атқарушы директоры Евгений Настрадин.

ҚР төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, көмекке мұқтаж азаматтарға жедел желі телефондары ашылған және психологтар көмектеседі: 8 7172-53-32-84, 8 7142-50-36-24. Сонымен бірге 112 және 101 нөмірлеріне хабарласуға болады.

Еске салайық, Қостанай облысында 2 қыркүйекте басталған орман өрті кейін басқа жерлерге жайылып, 43 мың гектар аумақты шарпыды. Бірнеше ауылдан екі мыңдай адам көшірілді. Өңірде төтенше жағдай жарияланды.

Өрттің салдарынан 11 адам зардап шекті, бір адам қаза болды.