Алматыда ағаштарды өртеген ер адам ұсталды

Бейнекамералар мен куәгерлік жауап алудың көмегімен Бостандық ауданында болған өртке кінәлі күдікті ер адам анықталды. Бұл – 1968 жылы туған азамат. Ол от жаққанын мойындады, — делінген полиция мәліметінде.

Ер адам мас күйде болғанын және консервілерді жылытқысы келгенін айтқан.

Бірақ өрт бұталарға өткен, сол кезде ер адам қорыққанынан оқиға орнынан кетіп қалған. Оқиғаның мән-жайы анықталатын болады, — деді полициядан.