Қазақстан мен Катар арасында әуе рейстерінің саны артады

Кездесу барысында тараптар азаматтық авиация саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

Атап айтсақ, рейстер санын одан әрі арттыру және Қазақстан мен Катар арасындағы рейстер географиясын кеңейту, авиациялық мамандарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру, Қатарлық компаниялардың инвестицияларын Қазақстанға тарту мәселелері сөз болды.

Мәселен, бүгінгі таңда «Qatar Airways» авиакомпаниясы Доха-Алматы бағыты бойынша жиілігі аптасына 4 рет тұрақты жолаушылар рейсін орындайды.

Катар тарапының ақпаратынша «Qatar Airways» әуе компаниясы 2023 жылғы көктем-жаз мерзімінен бастап Нұр-Сұлтан мен Доха арасында әуе қатынасын ашуды жоспарлап отыр.

Сонымен қатар тараптар Қазақстан азаматтық авиация өкілдерін оқыту және біліктілігін арттыру жөнінде келісті.

Тараптар 27 қыркүйек пен 7 қазан аралығында өтетін Халықаралық азаматтық авиация ұйымы (ИКАО) ассамблеясының 41-ші сессиясы мәселелерін талқылады.