Министр Қостанай облысындағы өрт туралы: Жағдай қалпына келді

Министрдің айтуынша, қазіргі таңда облыста жағдай қалыпқа келген.

Қазір жағдай қалыпты. Бүгін түнде Бағаналы ауылындағы жағдай шиеленісіп, төтенше жағдай министрлігінің күштері мен құралдары ауылды қорғады. Ауылға қауіп төніп тұрған жоқ, — деді Юрий Ильин.

Сонымен қатар министр төтенше жағдай аймағында аэровизуалды ұшу жүзеге асырылғанын айтты.

Өртті жою бойынша шаралар қабылданып жатыр. Орман шаруашылығы комитеті мен төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелері, сонымен бірге ішкі істер басқармасы, қорғаныс министрлігі және ұлттық ұланның бекітілген күштері жұмыс істеп жатыр, — деді ТЖМ басшысы.

Оның айтуынша, Аманқарағай ауылында қосымша жұмыстар жүргізіліп жатқанын, желдің салдарынан мезгіл-мезгіл өрттер шығып тұрады.