Қостанай облысындағы өрт: банк үйсіз қалғандарға бір миллион теңгеден береді

Үйінен айрылған адамдар бұл ақшаны тұрғын үйді жалға алуға, киім-кешек, тамақ және қажетті тауарлар сатып алуға жұмсауға мүмкіндік алады. Сонымен қатар банк басшылығы жанып кеткен үйлердің иелеріне Halyk Bank-тегі дәл қазіргі күні бар кредиттерін жабу туралы шешім қабылдады.

Банк басшылығы мен ұжымы Озерное, Лесное, Аманқарағай ауылдарындағы өрт салдарынан зардап шеккен тұрғындар қалыпты өміріне тезірек оралатынына сенеді.

Еске салайық, 4 қыркүйек сағат 14.00-дегі жағдай бойынша Қостанай облысындағы өрт 108 құрылысты шарпып, зақымдаған. Бір адам қаза тауып, 10 адам жарақат алған.