Қостанай облысындағы орман өрті: Тоқаев өңірге жұмыс сапарынан бас тартпайды

Бұқаралық ақпарат құралдарынан «Қостанай облысындағы өртке байланысты мемлекет басшысының осы өңірге жоспарланған сапары бола ма?», — деген сауалдар келіп жатыр. Қалыптасқан жағдай президенттің жұмыс кестесіне өзгеріс енгізбейді — мемлекет басшысы 5 қыркүйек күні Торғайға жұмыс сапарымен барады, — делінген хабарламада.

Руслан Желдібай сонымен бірге қазір Әулиекөл ауданындағы өртті сөндіру үшін тиісті жұмыстар жүргізіліп жатқанын және жағдайды өңірге арнайы барған төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин бастаған жедел топ қадағалап отырғанын хабарлады.