Мазмұнға өту
Басты бет / Жаңалықтар /

Экс-министр Асқар Омаров ОКҚ директоры болды

Орталық коммуникациялар қызметі. Фото: Strategy2050.kz

«Мемлекет басшысының өкімімен Асқар Қуанышұлы Омаров Қазақстан Республикасының президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің директоры болып тағайындалды», — делінген құжатта.

Бұған дейін осы қызметті атқарған Ержан Бабақұмаров қызметінен кетті.

Ал бүгін, 2 қыркүйекте Асқар Омаров ақпарат және қоғамдық даму министрі лауазымынан босатылды. Оның орнына министр болып Дархан Қыдырәлі тағайындалды.